Еліміздегі ең танымал қазақ есімдері белгілі болды

186

Қазақтар арасында ең танымал есімдер Азамат, Серік, Марат, әйелдерде - Аружан, Мадина, Динара.

Еліміздегі ең танымал қазақ есімдері белгілі болды Фото: ortalyq.kz

Азамат пен Аружан - Қазақстандағы ең танымал қазақ есімдері болып шықты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Назарларыңызға 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең танымал есімдер мен тектер туралы қызықты деректерді ұсынамыз.

Қазақтар арасында ең танымал есімдер Азамат, Серік, Марат, әйелдерде - Аружан, Мадина, Динара.

Бір қызығы, Бақыт, Сәулет сияқты әйелдерге де ерлерге де тән есімдері бар 585 мың адам бар. Жиі кездесетін үш қазақ тегіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) жатады.

Сондай-ақ Қазақстанда атымен де, тегімен де аттас азаматтар саны аз емес. Осы ретте Серік Ахметов (415) пен Айзере Серік (517) деген есімі мен тегі бірдей адамдар ең көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу