Қазақстандағы ең үлкен көпірдің құрылысы басталды

1390

Ең ұзын көпір Шығыс Қазақстанда салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы ең үлкен көпірдің құрылысы басталды

Шығыс Қазақстанның әкімі құрылысы басталған автомобиль көпірінің капсуласын салу салтанатты рәсіміне қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы басталды.

Екі жолақты автомобиль көпірі Құйған ауылының жанындағы жасанды су қоймасының ені ең жіңішке учаскесінде салынады. Көпірдің ұзындығы 1,3 шақырымнан асады. Жоба Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайды. Мердігер компания "ОблШығысЖол" ЖШС құрылысты 2024 жылға дейін аяқтауға тиіс.

"Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталады. Бұл облыс тұрғындары үшін көптен күткен өте маңызды оқиға. Жоба стратегиялық маңызға ие. Ол шекаралас аудандарды облыстың басқа өңірлерімен байланыстырады, жолаушылар мен жүк тасымалы жеңілдейді әрі жылдам болады",деді капсула салу рәсімінде Д.Ахметов.

Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, айналма және технологиялық жолдар төселді, электр желілері тартылып, су өткізу құбырлары орнатылды. Осы жұмыстармен қатар көпір салушыларға арналған жатақхана тұрғызылуда, материалдар, арнайы жабдықтар мен қажетті дүниелер жеткізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу