Қазақстандағы ең үлкен мұз айдыны туристерді қабылдай бастады

275

Аумағы 22 100 шаршы метр мұз айдыны Қонаев қаласында орналасқан.

Қазақстандағы ең үлкен мұз айдыны туристерді қабылдай бастады Фото: gov.kz

Алматы облысы – табиғат пен заманауи өркениет үндескен, саяхатшыны бірден баурап алатын өлке. Мұнда қысқы туризм жаңа сипат алып, демалушыға өзгеше серпін сыйлары анық, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көркем табиғатымен ғана жанды баурап қоймай, жаңашылдыққа жаны құмар әрбір адамды өзіне тартатын ерекшеліктер бұл өлкеде жетерлік. Ал биыл, аймақтағы қысқы туризм ерекше сипатқа ие болмақ. Таяуда Алматы облысында Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылады.

Ашық аспан астындағы мұз айдынында ырғақ пен қозғалыс үйлесім тауып, қысқы маусымды белсенді өткізетіндер үшін таптырмас орынға айналары сөзсіз.

Ал, таулы аймақтарды тамашалауды қалайтындарға Oi-Qaragai құшағын ашуға дайын. Теңіз деңгейінен 2140 метр биіктіктегі бұл курорт қар жамылған шыңдарымен, көкжиекке ұласқан аумағы жаныңды баурайды. Бұл да Орталық Азиядағы ең ұзын тау шаңғысы трассасы деп саналады.

Алматы облысының туристік бейнесін айшықтайтын бұл мекендер, бірі – энергия мен эмоцияға толы, екіншісі – табиғатпен үндескен тыныштық мекені. Бұл жерлерге келгендер демалып қана қайтпайды, ол жаңа әсер, жаңа тыныс, жаңа шабытпен оралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу