Қазақстандағы ЕО өкілдігі журналистер арасында байқау жариялады

763

Қазақстандағы ЕО өкілдігі журналистер арасында байқау жариялады

Қазақстандағы Еуропалық одақтың өкілдігі журналистерге арнап, байқау жариялады. Ал жеңімпаздар 5 күнге Брюссель қаласына барып, тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды 24.kz.

Сайыс шарты бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері біздің ел мен Еуропалық Одақтың 25 жылдық ынтымақтастығы тақырыбында материал әзірлеп, қазылар алқасының назарына ұсынуға тиіс. Жазбаның саны мен жанрына ешқандай шектеу қойылмайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыстар 30 сәуірге дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ үздік деп танылған авторлар Астанадағы медиамектепте семинарларға қатыса алады.

"Іріктеу принциптеріне келсек ол негізі Қазақстанның азаматтары болуы керек. Журналистік 4 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сонымен бірге қазіргі таңда әрекет етуші БАҚ мамандары болуы тиіс. Соңғы критерийге келсек 18 және 35 жас аралығындағы жас журналистерге жарияланады", - дейді Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу