Қазақстандағы эпидахуал қандай?

219

Бірінші жартыжылдықта қазақстандықтар арасында 23 ауру түрі тіркелмеді.

Қазақстандағы эпидахуал қандай? Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова елдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зауре Ахметованың дерегінше, осы жылдың 6 айында республиканың халқы арасында 23 нозология, оның ішінде тырысқақ, күйдіргі, іш сүзегі, сіреспе, дифтерия, құтыру аурулары тіркелген жоқ. 

"Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26 инфекциялық аурумен сырқаттану төмендеді, оның ішінде бруцеллез 27%-ға, сальмонеллез 18%-ға төмендеді. Қазақстан аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары: оба, туляремия, күйдіргі ауруларының топырақ ошақтары, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның және басқа да ауру ошақтары орналасқан", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу