Қазақстандағы Еуропалық хаттама бойынша сақтандырушылар 100 АЕК-тен астам шығынды төлемейді

Еуропалық хаттама кішкене зақым үшін қолданылады. 

Қазақстандағы Еуропалық хаттама бойынша сақтандырушылар 100 АЕК-тен астам шығынды төлемейді Фото: inbusiness.kz

Қазақстандағы сақтандырушылар Еуропалық хаттама бойынша 100 АЕК-тен астам шығынды төлемейтіні белгілі болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Правмедиа" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Егер Еуропалық хаттаманы толтырғаннан кейін жасырын ақаулар анықталса және келтірілген шығын көлемі 100 АЕК-тен асса, сақтандырушы ешқандай қосымша төлем жасауға міндетті емес. Сақтандыру төлемі 100 АЕК шегінде жүзеге асырылғаннан кейін сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалды деп есептеледі. Келтірілген шығын көлемі 100 АЕК-тен асады деп ойласаңыз, жол полициясын шақырып, сақтандыру жағдайын стандартты түрде тіркегеніңіз абзал. Еуропалық хаттама кішкене зақым үшін қолданылады. Егер сізде қымбат көлік болса және әлі де дилердің кепілдігі болса, оған сәйкес сіз тек оның салонында автокөлікті жөндеуге міндетті болсаңыз, онда зақымдануды бағалау мәселесіне мұқият қарау қажет. Күмәндансаңыз, жол полициясын шақырған дұрыс", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сақтандыру ұйымымен даулар туындаған жағдайда жәбірленуші сақтандыру омбудсменіне хабарласа алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу