Қазақстандағы футболдың жағдайы "мәз емес"

1092

Сауалнамаға қатысқандарың басым бөлігі футбол федерациясын кәсіби маман басқару керегін айтқан.

Қазақстандағы футболдың жағдайы "мәз емес"

Ел тұрғындарының 55%-дан астамы отандық футболдың жағдайы "мәз емес" деп санайды. Бұл экспресс-сауалнама жүргізу барысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан футбол федерациясы президентінің сайлауы қарсаңында Еуразиялық интеграция институты республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында отандық футболдың жағдайын қаншалықты деңгейде білетінін анықтау мақсатында телефон арқылы экспресс-сауалнама жүргізген.

"Сұрақ қойылғандардың 55%-дан астамы қазақстандық футболдың жағдайы "мәз емес" деп бағалайды.  Сауалға жауап бергендердің үштен бірі (33,1%) Қазақстан футбол федерациясында өтетін президент сайлауы туралы білетінін айтқан, бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіші болып саналады. Сұрақ қойылғандардың жартысынан көбі (51,8%) Қазақстан футбол федерациясының президенті кәсіби маман болуы керек деп санайды, яғни ол тәжірибелші футболшы, бапкер, әрі кәсіби футболда маңызды кәсіби жетістіктері болуы шарт", – деп жазылған институт таратқан хабарламада.

Сауалға жауап бергендер (48,4%) елде балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсету керек деген пікірді ұстанады.

Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясында өтетін президент сайлауында жалпыға бірдей ашық дауыс беру барысында футболдан ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы Давид Лорияның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Оны негізінен жастар қолдап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу