Қазақ футболына жаңашылдықты Әділет Барменқұлов әкелді – Ермұхамед Мәулен

Бұл туралы спорт журналисі Ермұхаммед Мәулен телеграм арнасында жазды.  

Қазақ футболына жаңашылдықты Әділет Барменқұлов әкелді – Ермұхамед Мәулен Фото: kff.kz

Оның айтуынша, Ә.Барменқұлов 2026 жылдың 1 наурызына дейін жұмыс істеуі керек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Комментатор 2,5 жыл ҚФФ президенті болған Әділет Барменқұловтың бірқатар айтулы жұмыс істегенін айта келе, келесі президенттің 20 желтоқсан күні анықталатын жеткізген.

– Қазақстанда футбол бумы басталғаны да осы кісінің (Әділет Барменқұлов – ред.) арқасы шығар. Кейбір облыстар футбол стадионының құрылысын бастады. Айта берсе, жобалар көп. Қазақ футболының жанкүйерлері Әділет Барменқұловтың қызметіне 5 деген баға береді деп ойлаймын. Бұл кісінің қадірін уақыт өте келе адамдар түсіне бастайды деп топшылаймын. Негізі, 2026 жылдың 1 наурызына дейін жұмыс істеуі керек болған, – деп жазды Ермұхамед Мәулен. 

Сондай-ақ, ол Әділет Назарбайұлын осы қысқа уақыттың ішінде қазақ футболына төңкеріс жасағанын ерекше атады. 

– Ұлттық құрама Ұлттар лигасын жеңді, ЕУРО-ға шығатындай деңгейге көтерілді. "Алаң" жобасы іске қосылып, 15 жасыл алаң төселді. Бағдарлама келесі жылы да жалғасады. Alma U университетінде футбол менеджерлерін оқыту жүйесі пайда болды. Құраманың ойынын теледидардан 21 миллионға жуық адам көрген. Әр матч орташа алғанда 6 миллион аудиторияны қамтыған. Елде 8000 бала футбол орталығын толтырып тастады, – деп сөзін жалғады спорт комментаторы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу