Қазақстандағы халықаралық ақша аударымдарының көлемі 32,7%-ға өсті

744

Былтыр Қазақстан мен шет мемлекеттер арасында жиынтық көлемі 1,8 триллион теңге ақша аударымдары жүргізілген.  

Қазақстандағы халықаралық ақша аударымдарының көлемі 32,7%-ға өсті Фото: Google

Бір жылда көрсеткіш 32,7%-ға өскені байқалады. Шетелден кіріп-шыққан қаражаттың басым бөлігі Ресейге тиесілі. Былтыр бұл елден 360 миллиард теңге қаржы келіп түскен. Яғни, 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 7 пайыз өсім бар. Одан кейін рейтингтің басында Қырғызстан мен Өзбекстан тұр.

Ал керісінше Қазақстаннан сыртқа жіберілген қаражатты есептесек, ақшаның көп бөлігі- әрқайсына шамамен 290 миллиард теңге, Өзбекстан мен Түркияға аударылыпты. Айта кетерлігі, келген және кеткен қаражаттың үлесі тең түсіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу