"17 млрд теңге": Олжас Бектеновтің сынынан кейін BI Group пен BAZIS салықтарын төледі

443

Алып компаниялар 17 млрд теңге төледі. 

"17 млрд теңге": Олжас Бектеновтің сынынан кейін BI Group пен BAZIS салықтарын төледі Фото: inbusiness.kz

Оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да бар. Бұл туралы Қаржы министрлігі таратқан мәліметтен белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сүйсенсек, талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласында (ірі құрылыс компанияларын қоса алғанда), 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын компанияларға салық салынатын кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарламалар жіберілді.

"12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтыруда. Қазіргі таңда 17 млрд теңге төленді, оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да өз төлемдерін жүзеге асырды. Деректерді салыстыру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, бірқатар ірі құрылыс компаниялары қаржылық ағындардың ашықтығы мен құрылыс саласындағы көлеңкелі схемаларды жою үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қаржыландыруға бастамашылық білдірген.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Айта кету керек, осыған дейін Үкіметтің Bazis-A мен Bi Group-қа неге шүйліккенін жазған болатынбыз.  Премьер-министр Олжас Бектенов бизнесі бар азаматтарға шұғыл үндеу жасап, екі апта ішінде әділетті салық сомасын төлеуді сұраған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу