Қазақстандағы Ислам банкі қажылық пен умраға арналған арнайы дебет картасын ұсынады

1055

Осы карта арқылы қажылық сапарға қаражат жинауға болады және Саудия мен БАӘ аумағында картадан қолма-қол ақша алуға болады.

Қазақстандағы Ислам банкі қажылық пен умраға арналған арнайы дебет картасын ұсынады

Al Hilal Ислам банкі Қазақстанда қажылық сапарға және умраға арналған арнайы дебет картасын ұсынды, деп хабарлады банк.

Осы карта арқылы қажылық сапарға қаражат жинауға болады және Саудия мен БАӘ аумағында картадан қолма-қол ақша алуға болады.

Картамен төлем жасағанда қаражаттың жартысы қайырымдылыққа аударылады екен.

"Бұл картаның басты ерекшелігі – қажылық сапарға қажетті соманы алаңсыз жинауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, клиенттің жинақтық салымдары шариғат заңдарына сәйкес сақталады. Ал Меккеге қажылыққа барғанда қайдан және қалай ақша алу туралы ойланудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, картаны кәдімгі дебет картасы ретінде де қолдануға болад", – деп түсіндерді Al Hilal Ислам банкінің басқарма төрағасы Гордон Хаскинс.

Қазақстанда жыл сайын 3 мың адам Меккеге қажылыққа аттанады, ал үлкен қажылықтан бөлек тағы бірнеше мың адам умраға сапар шегеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу