Қазақстандағы қар барысын 13 мемлекет бірлесе қорғайды

1086

Қазақстандағы қар барысын 13 мемлекет бірлесе қорғайды

Қазақстандағы санаулы қар барысын әлемнің 13 мемлекеті бірлесе қорғайды, деп хабарлайды abctv.kz. 
Соңғы жылдары жойылып кету қаупі төнген Тұран жолбарысы 2018 жылы Іле өзенінің жағасындағы "Іле-Балқаш" табиғи қорығына жіберіледі. Сол аумаққа жерсініп кету үшін, әрдайым бақылауда болмақ. ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеевтің айтуынша бұл шара Дүниежүзілік жануарларды қорғау қорымен бірлесе атқарылады.
Алдағы уақытты еліміздегі қорықтарға 200-ге жуық Тұран жолбарысына ұқсас Ресейдің Амур жолбарысы әкелінбек.

Сонымен қатар, біздің мемлекетте де саны 130-ға жеткен қар барысын әлемнің 13 мемлекеті бірлесе қорғауға мүдделі болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу