Қазақстанда мерекелік күндер тізіміне жаңа бір дата қосу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп жазады inbusiness.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, мұндай бастаманы ҚР азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі көтерген.
Үкімет қаулысы қабылданса, бұл мереке республика көлемінде атап өтіледі.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 11 шілдеге дейін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу