Қазақстандағы кәсіпорындардың "жасы" нешеде

849

Республикамыздағы шағын кәсіпорындар бір жылдан бес жылға дейін, ал орта және ірі компаниялар одан да көп жыл жұмыс істеп келеді. 

Қазақстандағы кәсіпорындардың "жасы" нешеде

Еліміздегі заңды тұлғалардың саны бір жыл ішінде 7,9%-ға ұлғайды. Осылайша, 2022 жылғы мамырда 367,6 мыңды құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Жұмыс істегеніне 1-5 жыл болған кәсіпорындар саны 139,6 мың. Бұл 2021 жылғы мамырмен салыстырғанда 7,5%-ға артық.  

Құрылғанына 6 жылдан 10 жылға дейін уақыт болған компаниялар саны 73,3 мың болса, 11-15 жыл болған мекемелер саны 45 мыңға жетті. 

Ашылғанына 1 жыл болмаған кәсіпорындар саны 44 мыңға жуықтап, олардың саны былтырғы жылға қарағанда 12%-ға өскенін атап өту қажет. 

Ширек ғасырдан бері жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар да бар. Еліміз бойынша олардың саны 6,7 мыңды құрайды. Бір жыл ішінде мұндай компаниялар саны бірден 36,3%-ға өскен. 

Соңғы жылдары жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жартысынан астамы Алматы мен Нұр-Сұлтанда ашылған. Оңтүстік астанада құрылғанына 1 жыл болмаған заңды тұлғалар саны 12,6 мыңды құрап, қаладағы барлық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 13,5%-ын құрайды. Ал Елордада мұндай мекемелер саны 9,9 мыңға (14,9%) жетті. 

Өңірлер бөлінісінде айырмашылық бар екендігін көруге болады. Мысалы, Қызылорда облысында жаңадан ашылған кәсіпорындар саны 821 болса, Атырау облысында – 840. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу