Қазақстандағы кедейшілік деңгейі 8,6% шамасында

8504

Дүниежүзілік банктің Орта Азиядағы экономисті Уильям Зейтц  елімізде халықтың күнкөріс деңгейіне байланысты сараптама жасаған.

Қазақстандағы кедейшілік деңгейі 8,6% шамасында

Экономистің зерттеуінше, Қазақстан кедейшіліктің күніне 1,9 доллармен өлшенетін ең төменгі деңгейінен өтіп кеткен. Сарапшы бұл көрсеткіш сатып алу қабылетіне қарай есептелетінін атап өтті. Жалпы соңғы 30-40 жылда аталған коэффицент тек Қазақстанда ғана емес, барлық әлемде төмендеген. Мысалы, бұрын Индия халқының 60%-ын жарлылар құраса, қазір олардың саны 2%-дан аспайды.

Уильям Зейтцтің пікірінше, қазақстандықтардың әл-ауқаты кедейшіліктің төменгі шегімен өлшенбейді. Себебі еліміз орта деңгейден жоғары мемлекеттер қатарында. Сондықтан қазақстандықтардың жай-күйі бір адамға шаққанда күніне 5,5 доллар көрсеткішімен өлшенеді. Бұл 4 адамнан тұратын отбасыға айына 258 мың теңгеденден жоғары кіріс кіруі керек дегенді білдіреді. Егер мұндай отбасының ортақ айлық табысы 258 мың теңгеден төмен болса бұл кедейлік көрсеткіші саналады.

"Дүниежүзілік банк деректеріне сүйенсек, аталған талаптар бойынша Қазақстандағы төменгі күнкөріс деңгейі 2002 жылғы 65%-дан, 2013 жылы 6%-ға төмендеген",– деді экономист. 

Ал биыл бұл көрсеткіш 8,6%-ға тұрақтаған. Ол елімізде 1,2 млн адам кедейлер қатарында екенін білдіреді. Сарапшы, 2021 жылға дейін бұл көрсеткіш 6%-дан төмендемейтінін де айтты. Ал еліміздің Ордабасы, Аягөз, Сарыағаш аудандары мен Жамбыл облысында кедейшілік 30%-ды құрайды екен.

Алайда Уильям Зейтц сараптама барысында қазақстандықтардың ресми табысы ғана есептелгенін ескертті.

"Дүниежүзілік банк дамыған қалаларда тұрғын үй қол жетімділігі мен жұмысқа тұру мүмкіндігін арттыру саясатын ұстануды ұсынады. Одан бөлек жалақыны көтеру мен әлеуметтік осал топты қолдау маңызды. Әсіресе еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін жастар мен әйелдер қауыма көмектесу керек",– деді маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу