Қазақстандағы кейбір автожолдар автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады

501

8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазавтожолға" сілтеме жасап.

Қазақстандағы кейбір автожолдар автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады Фото: egemen.kz

Бүгін "Павлодар-Семей-Қалбатау" күрежолында ақы алу жүйесі іске қосылды. Содан соң мына 5 жол учаскесінде ақы алына бастайды:

  • 9 қазанда "Бейнеу-Ақжігіт";
  • 10 қазанда "Орал-Самара";
  • 14 қазанда "Павлодар-Омбы";
  • 16 қазанда "Көкшетау-Петропавл" күрежолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр. Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

1. жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);

2. 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;

3. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;

4. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;

5. жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 20 тг/км;

6. жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу