Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауын ТүркПА байқаушылары бақылауда

438

Кезектен тыс Президент сайлауына орай ұйымдастырылған онлайн марафон аясында, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түрік Ұлы Ұлттық жиналысының депутаты, ТүркПА делегациясының басшысы Ерол Кая сұхбат берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауын ТүркПА байқаушылары бақылауда Фото: ortcom.kz

Ерол Каяның айтуынша, ТүркПА миссиясынан 20 маман және бірнеше депутат келген. Олар Астана және Алматы қалаларында сайлау барысын бақылауда.

"Біз ТүркПА атынан үлкен делегация болып келдік. Біз байқаушы делегация ретінде сайлаудан бұрын ОСК төрағасымен және Президенттікке кандидаттармен кездесу өткіздік. Осы сайлаудың кеше- бүгінін өзіміз тұжырымдап, ертең өз тұжырымдамаларымызды қоғамға айтамыз. Біз Президенттікке үміткерлердің ешбір кедергі көрмегенін, олардың өкімет жағынан және халық жағынан қолдау алғанын көріп отырмыз және біз үшін бұл маңызды ақпарат", - деді Ерол Кая. 

ТүркПА байқаушылар делегациясының басшысы Ерол Каяның айтуынша, сайлаудың әділ, ашық өтіп жатқанына өзі куәгер.

"Сайлау барлық халықаралық және ұлттық стандарттар бойынша өтіп жатыр. Халықтың белсенді қатысуы қуантып отыр. Халықтың дамуында бұл маңызды көрсеткіштердің бірі.  Біз бұл сайлаудың демократиялық принциптерге сай өтіп жатқанына куә болып отырмыз", - деді Ерол Кая. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу