Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, елімізде киік саны 1,9 миллионнан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
2023 жылғы әуе санағы дерегіне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артты.
Еске сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу