Алматыда Green Recycle - Қазақстандағы қоқыс сұрыптайтын алғашқы кешеннің құрылысы басталды, деп хабарлайды abctv.kz.
Техникалық-экономикалық негіздеме бойынша инвестиция сомасы 5,3 млрд теңгені құрайды
Зауыт 2018 жылдың маусымында іске қосылмақ. Сұрыптаудың жалпы күші тәулігіне 1,5 мың тонна, ал жылына 500 мың тонна сұрыптауға есептелген.
"Бүгінде біз жерді толығымен сатып алдық және құрал-жабдықтар құнының 35 пайызын қаржыландырдық. Бір жылда зауыт құрылысын аяқтаймыз. Алғашқы кезде тек қоқысты сұрыптаймыз. Сұрыпталған пластик Ресей мен Өзбекстанға кетеді", - дейді компания басшысы Дмитрия Данильченко
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу