Қазақстандағы кондитерлер жасанды қант ұнтағын пайдаланады

2086

Қазақстандағы кондитерлер жасанды қант ұнтағын пайдаланады

Қазақстандағы кондитерлік өнімдер, тәтті сусын, тәтті сүзбе немесе иогурт шығаратындарға таза қант пайдалануды міндеттеу ұсынылды, деп хабарлайды abctv.kz.

Қазақстандағы зауыттар маусым кезінде қант қызылшасын өңдеп үлгермейді. Ал қалған уақытта қаңтарылып бос тұрады. Осы жағдайды болдырмау үшін және жаңа зауыт ашу үшін кондитерлер таза қант пайдалануы керек  екен.

"Қазақстандағы кондитерлік өнімдер, тәтті сусын, тәтті сүзбе немесе иогурт шығаратындар жасанды қант ұнтағын пайдаланады. Оларға жасанды қант ұнтағын пайдалануды шектеп, таза қант пайдалануды міндеттеу керек. Сол кезде ғана зауыт ашу мәселесін көтеруге болады", - дейді Қазақстанның тағам өнеркәсібі қауымдастығының мүшесі Алмагүл Сүйінішәлиева.

Ал Ресейде қант шығаратын – 85, Беларусьте 58 зауыт бар. 

"Олар кондитерлік, сусын шығаратын зауыттарын жасанды қант ұнтағын пайдалануға тыйым салу арқылы қант зауыттарын тапсырыспен үздіксіз қамтамасыз  етіп отыр. Олар бізге қанттың келісін 198 теңгеден ұсынады. Ал бізде өндірілген қант ҚҚС қоса есептегенде 215 теңге тұрады. Қант нарығында импорттың бәсі басым болып тұруының басты себебі осы", - дейді ол.

Алмагүл Сүйінішәлиева осы тұста қант қызылшасын өсірудің географиялық аумағын тек Жамбыл немесе Алматы облыстарымен шектеп қоюға болмайтынын айтады. Қазақстанның орталық өңірлерінің табиғаты қант өсіруге қолайлы. Мысалы, орталық аймақтарда өскен қант қызылшасындағы қанттың құрамы Алматы немесе Жамбыл облысында өсетін қант қызылшасына қарағанда 8-10 пайызға көп екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу