Қазақстандағы криптобиржалар қалай жұмыс істейді?

731

Ел банктері АХҚО-ның сауда алаңдарына пилоттық режимде қызмет көрсетеді.   

Қазақстандағы криптобиржалар қалай жұмыс істейді?

Қазақстан банктері АХҚО криптобиржаларына банктік қызмет көрсетуіне бағытталған пилоттық жобаны іске қоспақ, деп inbusiness.kz халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзірге өзара қызмет көрсету шарттары басқа мемлекеттік органдармен бірге талқылау сатысында. Ал криптобиржалар АХҚО талаптарына сәйкес жұмыс істейді.  Бұл ретте нақты фиат валютадағы шотты толықтыру шарттары енгізілген жоқ. Фиат валюта деп отырғанымыз мемлекет шығарған валюта, бірақ ол алтын немесе күміс сияқты жеке материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілмейді.

"Криптобиржалардағы сауда-саттыққа қатысу үшін клиенттер криптовалюта бойынша шотты тіркеп, келісімге қол қойып, шотты тексеруден өткізіп, құжаттарды сәйкестендіру процедурасынан өтуі тиіс", – деп хабарлады халықаралық қаржы орталығы. 

Сонымен қатар АХҚО Салық кодексіне сәйкес (321-баптың 2-тармақшасы) криптобиржалар енгізілген жағдайда жеке табыс салығын төлеу міндеттемесі бар екенін атап өтті.
Бұған қоса орталық цифрлық активтердің айналымы мен алмасуы үшін арнайы платформалар құруды жоспарламайтынын мәлім етті.  

"Құқықтық шарттар ұсынылды. Атап айтқанда лицензиялау мәселелері бойынша, оның ішінде цифрлық активтердің айналымы мен алмасу платформаларына қойылатын талаптар мен қадағалау бар", – деп хабарлады халықаралық қаржы орталығы. 
 
Бүгінгі таңда төрт компания АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің FinTech Lab арнайы реттеуші режимі бойынша криптобиржаларын тестілеуге лицензия алды. Ал криптобиржа қызметін комитеттің лицензиясы бар қатысушылары ғана жүзеге асыра алады.
Пилоттық кезеңде өтініш берушілерге белгілі бір талаптар қойылады, оның ішінде мәмілелер көлеміне шектеулер енгізілген.  Бұл шектеулер қызмет көрсетуге байланысты тәуекелдер мен клинттердің ықтимал шығынын төмендетуге бағытталған.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу