Қазақстандағы Қытай банктері бір жылда 34 млрд теңге пайда тапқан

3147

Елдегі 22 банктің үшеуі қытай банктері: Altyn Bank, Қазақстандағы Қытай банкі және Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі.

Қазақстандағы Қытай банктері бір жылда 34 млрд теңге пайда тапқан

Қазақстанда қытайлық банктер бір жылда шамамен 34 млрд теңге пайда тапқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,4%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қытай банктерінің елдегі жиынтық меншікті капиталы 2021 жылдың соңында 173,5 млрд теңге болып, бір жылда 11,6%-ға өсті.

Жалпы Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының жиынтық көлемі 14,7%-ға немесе 4,5 трлн теңгеге дейін артқан. Елдегі қытайлық еншілес банктердің меншікті капиталының үлесі бір жылда 3,9%-дан 3,8%-ға дейін азайған.
Қазақстандағы 3 қытайлық банктің ең ірісі – Altyn Bank. Оның меншікті капиталының көлемі – 74,4 млрд теңге, бұл 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,4%-ға артық. Банктің акционерлері – China CITIC Bank Corporation Limited (50,1%), China Shuangwei Investment Co., Ltd. (9,9%) және "Қазақстан халық банкі" АҚ (40%).

Кейін тізімде Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі тұр: 62,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 18%. Банктің меншікті капиталының көлемі – 36,3 млрд теңге, өсім – 19,7%.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қытай банктері Қазақстанда бір жылда 33,9 млрд теңге пайда тапқан. Бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 22,4%-ға артық.

Ең көп пайданы Altyn Bank тапқан (16,6 млрд теңге). Кейін тізімде Қазақстандағы Қытай банкі (9,1 млрд теңге) және Қытай сауда-өнеркәсіп банкі тұр (8,2 млрд теңге).

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу