Қазақстандағы McDonald's атауын өзгертеді

518

Food Solutions KZ ЖШС басқаратын McDonald's жылдам тамақтану бренді Қазақстанда жұмысын тоқтатады.

Қазақстандағы McDonald's атауын өзгертеді Фото: EADaily

Қызметін тоқтатқанымен, басқа атаумен жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Желінің жабылуына себеп - бұған дейін Ресейден келетін еттің бағасынан жергілікті немесе басқа шет елден келген еттің құнының әлдеқайда жоғары болуы. Яғни бізге тиімсіз жағдай, дегенмен жақын арада жылдам тамақтану мейрамханалары жаңа атаумен қайта ашылады. Ашылу мерзімі қосымша жарияланады", - деп хабарлады McDonald's Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, компания болашақта жаңа желінің жұмысына қатысты барлық сауалға жауап беретініне сендіріп отыр.

"Жаңадан ашылатын мейрамханалар желісі келушілерге жоғары сапалы өнімдер мен бай мәзір ұсынып, қонақжайлық танытады. Жедел тамақтану орындары жұмысын жоғары стандарттарға, құндылықтар мен бизнес принциптеріне сәйкес жалғастырады", - делінген ресми хабарламада.

Елімізде McDonald's брендінің алғашқы мейрамханалары 2016 жылы ашылды.

Осы уақыт ішінде "Food Solutions KZ" ЖШС басқаруымен компания жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының біріне айналды.

McDonald's 24 мейрамханасы Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағандыда ашылып, 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтыды.

Өз кезеңінде "Food Solutions KZ" ЖШС ел бюджетіне 3 млрд теңгеден астам салық төледі.

Одан бөлек, қайырымдылыққа 80 млн теңгеден астам қаражат аударып, қоғамдық істерге белсене қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу