Қазақстандағы мобильді операторлардың қатары арта ма?

171

Құзырлы орған әзірге жаңа мобильді операторларға қатысты болжам жасамады. 

Қазақстандағы мобильді операторлардың қатары арта ма? Фото: Үкімет

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер елімізге басқа елдерден жаңа байланыс операторлары келуі мүмкін бе деп сұрады.

"Қазір бізде 3 байланыс мобильді операторы бар. Beeline, Tele2, Kcell. Өздеріңізге белгілі, қазір Tele2-ні сырттан қатарлық инвестор сатып алады. Бұл жұмысты осы немесе келесі айда бітіруі мүмкін. Басқа мобильді оператор келе ме, келмей ме – қазір ондай болжам жоқ. Меніңше, үш мобильді оператор біздің нарықта жақсы бәсекелестік үшін жеткілікті", – деді Жаслан Мәдиев.

Тілшілер мобильді тариф бағасы түсуі мүмкін бе деп сұрады.

"Бәсекелестік ұлғайса, (қызмет) сапасы ұлғаюы керек", – деп қысқа қайырды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу