Қазақстандағы орташа жалақы – 299 782 теңге

571

Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9%-ға азайды.  

Қазақстандағы орташа жалақы – 299 782 теңге Фото: turkystan.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың IІI тоқсанында елдегі орташа жалақы 299 782 теңгені құраған. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 23%-ға өскен, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросының сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратта көрсетілгендей, IІ тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9%-ға төмендеді.

"Бұл үрдіс жыл сайын байқалады және екінші тоқсан уақытына дөп түсетін маусымдық (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) жайттарға байланысты", – деді Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Еліміздегі медианалық жалақы мөлшері (ең төменгі және ең жоғарғы айлықтың дәл ортасындағы көрсеткіш) 189 018 теңгені құрады. Статистикаға сүйенсек, ең жоғарғы орташа жалақыны Атырау облысының тұрғындары алады (526 848 тг). Ал, ең төменгі орташа айлық Жетісу облысында (214 364 тг) байқалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу