Қазақстанда 2026 жылдың І тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 9,1% болған. Ал медианалық жалақы 331 527 теңге деңгейінде қалыптасты.
Жалақы өсімі ең жоғары байқалған салалар:
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%;
- қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%;
- сумен жабдықтау және қалдықтарды өңдеу – 16,5%;
- энергетика саласы – 14,7%;
- көлік және қоймалау – 12,9%;
- өнеркәсіп – 11,6%.
Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында жалақы 7%-ға, білім беру саласында 4,2%-ға өскен.
Өңірлер арасында ең жоғары өсім Абай облысында тіркелді – 14,2%. Одан кейін Павлодар облысы – 12,4%, Жетісу облысы – 12,2%, Алматы облысы – 10,9% және Алматы – 10,7%.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу