Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері қандай?

1307

Ел тұрғындарының орташа жалақысы өскенімен, алайда инфляция жыл сайынғы өсімге кері әсер еткен.

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері қандай? Фото: inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шағын кәсіпорындардың қызметкерлерін ескергенде II тоқсанда республика бойынша орташа деңгей 335,1 мың теңгеге жетті. Номиналды түрде бұл көрсеткіш жыл сайын 16,7%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

DataHub жазуынша, бұл уақытта баға да тұрақтамай, көрсеткіш 0,9%-ға ғана өсім көрсеткен.

Өңірлердің ішінде ең жоғары орташа жалақы Атырау облысына тиесілі: 532,6 мың теңге. Ең төмен жалақы СҚО-да тіркелді (249,6 мың теңге). Нақты өсу қарқыны бойынша Ұлытау көшбасшы болса (+6,3%), тізімнің ең соңында Жетісу орналасты (-5,5%). Бағаның өсімін ескере отырып 8 өңір теріс көрсеткіш байқалды, оның ішінде Астана (-0,9%) да бар. 

Шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда бір адамға шаққандағы орташа жалақы 365,5 мың теңгеден асады. Ресурстың жазуынша, шағын бизнес жұмысшыларға аз төлейді. Бұл секторда 1,5 млн адамға сәуір-шілде айларында 1,1 трлн теңге ғана, яғни айына орта есеппен 258 мың теңгеден аз төленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу