Қазақстандағы отын нарығының 85%-ын ҚазМұнайГаз бен CNPC бақылауда ұстайды

115

Бұл турады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.  

Қазақстандағы отын нарығының 85%-ын ҚазМұнайГаз бен CNPC бақылауда ұстайды Фото: petrocouncil.kz

Агенттік 2022-2024 жылдарға арналған бензин, дизель және авиациялық отынның көтерме сауда саласындағы бәсекелестік ортаны талдауды аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметі бойынша, ҚазМұнайГаз және CNPC компаниялары Қазақстандағы жеңіл мұнай өнімдерінің шамамен 96%-ын өндіреді.

Олардың нарықтағы бірлескен үлесі 85%-дан асады, бұл оларға нарыққа айтарлықтай ықпал етуге мүмкіндік береді.

Негізгі сегменттердегі үлесі:

  • Дизель отыны: CNPC – 60%, ҚазМұнайГаз – 33%.
  • АИ-92 және АИ-95 бензині: CNPC – 54%, ҚазМұнайГаз – 34%.
  • Авиациялық отын: CNPC – 53%, ҚазМұнайГаз – 32,4%.

Екі топ та нарықтағы негізгі қуаттарды иеленуші ретінде танылған. Бұл оларға басқа нарық қатысушыларына тең дәрежеде қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін жүктейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу