Қазақстандағы "пәкстандық" шай маркалары рұқсат етілмеген бояу қосқаны мәлім болды

2228

Құрамында қоспасы жоқ шай суды қайнағанда ғана бояй алатынын есте ұстаңыз.

Қазақстандағы "пәкстандық" шай маркалары рұқсат етілмеген бояу қосқаны мәлім болды

Қазақстанда сатылатын "пәкістандық" шай маркаларында тыйым салынған жасанды бояғыш қайта табылды. Бұл туралы "Еркін талғам" зертханасы жүргізген зерттеуден кейін мәлім болды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Тәуелсіз сынақ зертханасы "Эмир Premium Gold", "Апамның шәйі Premium Gold" және "Аль-Кайрат Premium Gold" түйіршіктелген қара шайдың "пәкістандық" маркаларына талдау жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша шайға қолдануға тыйым салынған жасанды бояғыш тартразин Е102 жоғарыда аталған барлық маркаларда анықталды. 2021 жылы басқа тәуелсіз зертхананың зерттеулерінің нәтижелері бойынша жасанды бояғыш тартразин Е102 сонымен қатар түйіршіктелген қара "пәкістандық" шайының бірнеше маркаларында – Al-Marua Premium", "Эмир чай GOLD", "Al-Jannat GOLD", "Al-Hayat GOLD" және "Орда Пакистан" шайларында анықталған. "Эмир чай GOLD" маркасында E110 "Солнечный закат" E110 сары жасанды бояғыш анықталды", – деп жазылған 4 шілдеде таратылған ақпаратта.

Тартразин E102 деген – синтетикалық жолмен алынған ең арзан бояғыштардың бірі. Өкінішке қарай, тамақ өнеркәсібінде негізгі қолданатын бояулардың біріне айналып барады. 

Шайдағы E102 тартразиннің мөлшері Кеден одағының № 029/2021 техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді. Жалпы Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес шай құрамында жасанды бояғыштардың кез келген түріне жол берілмейді.

Шайдағы жасанды бояғышты мөлдір ыдыста суық суға бір қасық шай қосу арқылы анықтауға болады. Араластырмай 5 минут бақылау жеткілікті. Бояуы бар өнім суық суға сары түс береді. 

Құрамында осы қоспасы жоқ шай суды қайнағанда ғана бояйтынын есте ұстаңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу