Қазақстандағы полиглот министрлердің рейтингі жарияланды

19 министрдің біреуі мемлекеттік тілді білмейді, 7-і ағылшын тілін меңгермеген. 

Қазақстандағы полиглот министрлердің рейтингі жарияланды

Қазір Қазақстанда 19 министрлік бар. Ranking.kz зерттеу жүргізіп, оның аясында тіл меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы министрлерінің рейтингін жасады.

Биыл бұл тізімде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек көш бастады. Министр жеті тілде – қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.

Екінші орынды Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров иеленді: әрқайсысы бес тіл біледі.

Үздік үштікті ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қорытындылады: әрқайсысы төрт тілде сөйлейді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мемлекеттік тілді білмейді.

Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін меңгерген. Жалпы, елімізде бұл тілді меңгеру деңгейі өте төмен. 

Мәселен, EF EPI 2021 рейтингінде Қазақстан тізімнің соңында дерлік тұр. Әлемдегі 112 елдің ішінде 96-орында. Осылайша, Қазақстан ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгерген елдер қатарына жатқызылды. Индекс 426 болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу