Бұл туралы сейсенбі, 2 шілде күні, Ресейдің қорғаныс министрлігінің ақпарат департаменті хабарлады, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан". Жаңа зымыранға қарсы ракетаны сынақтан өткізу "Сарышаған" полигонында іске асырылған.
"ЗҚР жүйесінің жаңа қарсы ракетасы бірнеше сынақтан кейін, жаңа сипаттаманы нақтылап, міндетті жақсы атқарып шықты", – деді ӘШҚ-ЗҚР қолбасшылығының өкілі полковник Павел Кузьмин.
Мұның алдында Ресей қорғаныс министрлігі 4 маусым күні "Сарышаған" полигонында ракетаға қарсы сынақтан өткізу табысты өткенін хабарлаған болатын.
Ресей қорғаныс министрлігінің мұның алдында таратқан видеоларынан зымыранға қарсы ракеталар сынағы "Сарышаған" полигонында шахта жабдығында өткенін көруге болады. Сарапшылардың пікірінше, Мәскеу мен Орталық өндірістік ауданның зымыранға қарсы ракетасын қамтамасыз ететін тап осы шахталық ұшыру жабдықтары А-135 кешенінің құрамында орналасқан.