Қазақстандағы ресейліктер Путинге аз дауыс берді

660

Қазақстандағы ресейліктер Путинге аз дауыс берді

18-наурызда Ресейде президент сайлауы өткені белгілі. Бұл елде басшы таңдалғанымен, сайлаудан кейінгі есеп беру әлі де аяқталған жоқ, деп хабарлайды kaktakto.com.

Президентті таңдауда федерациядан тысқары елдерде де сол елдің азаматтары үшін сайлау учаскелері ұйымдастырылды. Орталық Азия елдерінде сол күні 45 сайлау учаскесі жұмыс істеген. Соның ішінде Өзбекстанда – 3, Түркіменстанда – 5, Қырғызстан мен Тәжікстанда – 6-дан, ал Қазақстанда 25 сайлау учаскесі (7-еуі Байқоңырда) құрылған.

Сайлау күні шет жерде жүрген 65 942 ресейліктің 60 471-і дауыс беріпті. Ең қатты белсенділік танытқан Қырғызстандағы ресейліктер болыпты, олардың 99,54% дерлік сайлауға атсалысқан. Ал президентін сайлауда өзгелермен салыстырғанда Қазақстандағы ресейліктер енжарлық танытқан көрінеді, мұнда алдын ала тіркелгендердің 83,69% өз даусын берген. Өзбекстанда көрсеткіш — 99,44%, Түркіменстанда — 99,3%, Тәжікстанда — 98,29% болды.

Сайлауда жеңіске жеткен Путинге Орталық Азия елдерінде дауыс беру бірдей емес. Мысалы Тәжікстандағы отандастарының 96,96% қолдау көрсетсе, ал Қазақстанда бұл кандидатқа 85,76% ресейлік дауыс беріпті. Өзге кандидаттарға келер болсақ, Қазақстандағы ресейліктердің 7,53%-ы - Грудинин Павел Николаевичке, 3,77%-ы -Жириновский Владимир Вольфовичке, 1,36%-ы - Собчак Ксения Анатольевнаға, 0,53% - ы - Явлинский Григорий Алексеевичке, Титов Борис Юрьевичке - 0,41%-ы, Сурайкин Максим Александровичке — 0,36%-ы, Бабурин Сергей Николаевичке 0,28%-ы қолдау жасапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу