Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров ұйым бақылаушыларының Қазақстанда өткен мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Учаскелердің ашылуы заңнама талаптарына сәйкес іске асырылды. Жалпы, біздің миссия 32 сайлау учаскесіне барды. Біз тиісті мониторинг жүргіздік және оның барысында айтарлықтай кемшіліктер болған жоқ. Атап айтқанда, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу заң талаптары аясында өтті", - деді Сади Джафаров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу