2016 жылы Қазақстанның сақтандыру саласының табысы 357 млрд теңгені құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 24% көп. Бұл туралы "Коммеск Өмiр" сақтандыру компаниясының дерегіне сүйеніп, 7kun.kz хабарлайды.
Міндетті сақтандырудан түскен сыйақы көлемі 90,6 млрд теңге (өсім 24%), ерікті жеке сақтандыру бойынша 86,5 млрд теңге (өсім 4%), ерікті мүлікті сақтандыру 36%-ға өсіп, 180 млрд теңгені құраған. "Автокөлік иелеріне міндетті азаматты-құқықтық жауапкершілік сақтандыруы – 47,5 млрд теңге (өсім 23%), мүлікті сақтандыру – 74,3 млрд теңге (өсім 24 пайыз), ерікті азаматты-құқықтық сақтандыру 46,6 млрд теңге (өсім 88%); жұмысшыны еңбек ету барысындағы (қызмет аясындағы) қайғылы оқиғалардан міндетті сақтандыру — 38,7 млрд теңгеге (өсім 27%) артуы сыйақы көлемінің өсуіне себеп болды", — делінген хабарламада.
Өткен жылы сақтандыру төлемдері 17%-ға өсіп, 97 млрд теңгеден асты. Міндетті сақтандыру бойынша төлем көлемі 29 млрд теңге (өсім 8%), ерікті жеке сақтандыру бойынша 36,2 млрд теңгеге (54%) өскен.
Көлік иелеріне азаматты-құқықтық жауапкершілік сақтандыруы бойынша 2016 жылы 22,7 млрд теңге (25%), автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша (АвтоКАСКО) – 6,8 млрд теңге (19%), ауырып қалу жағдайына байланысты 17,6 млрд теңге (3%) төленген. Сақтандыру нарығындағы жалпы актив 856,5 млрд теңгені (өсім 4%), сақтандыру резервтері 412 млрд теңгені (өсім 9%), жеке капитал – 402 млрд теңгені (1% азайған) құрады.