Қазақстандағы саяси реформалар Еуропа тарапынан мойындалды

117

Құжаттың авторы – беделді британдық депутат Майкл Герман ("Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы" партиясының мүшесі). 

Қазақстандағы саяси реформалар Еуропа тарапынан мойындалды Фото: СІМ

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) "Қазақстанның демократиялық реформаларын және өңірлік көшбасшылығын қолдау" (Support for Kazakhstan’s Democratic Reforms and Regional Leadership) атты жазбаша декларацияны қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Декларацияға ЕКПА-ның әртүрлі саяси фракцияларының 21 мүшесі қол қойды. Мәлімдемеде Қазақстанның ауқымды демократиялық реформаларды іске асыруға деген өзгермес ұстанымы жоғары бағаланып, еліміздің демократиялық басқаруды дамыту, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту салаларында өңірлік көшбасшы мәртебесін бекіте түсетіні аталып өтті.

Қазақстанның саяси басшылығының демократиялық трансформацияны ілгерілету мақсатында қабылдаған маңызды қадамдарын, соның ішінде конституциялық және заңнамалық реформаларды, сондай-ақ өлім жазасын жоюын қолдады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сот жүйесін реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын ілгерілету және демократиялық институттарды нығайту сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық ерекше назарға алынды. Бұл өз кезегінде, нақты нәтижелерге қол жеткізуге және Қазақстанның өңірдегі демократиялық дамудың үлгісі ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етті.

Құжат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық трансформацияны қолдауға, сондай-ақ демократия, адам құқықтары және заң үстемдігі сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу