Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер белгілі болды

431

Бір ай бұрын ғана 4,5 баллдық жер сілкінісі тіркелген Қарағанды мен дүмпу болған Қостанай облыстары қауіпті аймақтар тізімінде жоқ.

Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер белгілі болды Фото: canva.com

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық қауіпті өңірлерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің қатері бар аймақтар қатарына Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығыс бөлігі кірген. Яғни, Алматы қаласынан бөлек Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу мен Алматы облыстары жерасты дүмпулері болуы мүмкін өңірлер ретінде танылған.

"Әрбір тұрғын өз-өзіне жауапкершілікпен қарап, сақтану шараларын білуі қажет. Мысалы, Алматы қаласының өзінде сейсмикалық жаттығулар өтеді. Сондай жаттығуларға бей-жәй қарамай, жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін біліп жүруі тиіс. Өзінің тұратын жеріне жақын қауіпсіз орындарды белгілеп, жер сілкінісі бола қалған жағдайда сондай қауіпсіз орындарды паналаған жөн”, – дейді орталық сейсмикалық обсерваториясының басшысы Жансая Досымбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу