Қазақстандағы шетелдік компаниялар саны 25,4 мыңға жетті

4497

Ресейлік заңды тұлғалардың үлесі – 61,8%, екінші орында Түркия – 45,4%, Қытай кәсіпорындарының  үлесі – 56%.

Қазақстандағы шетелдік компаниялар саны 25,4 мыңға жетті

2019 жылдың қаңтар айының соңына қарай шетелдік заңды тұлғалардың саны бір жылда 8,9% - ға артып, 25,4 мыңға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Ал жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың үлесі 58,8% - ды,  яғни 14,9 мыңды құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 12,9 мыңды құраған болатын.

Солардың ішінде әдеттегіше шағын шетелдік кәсіпорындар белсенділік танытуда: олардың үлесі тіркелгендердің жалпы санының 98,1%-ын және жұмыс істеп тұрған шетелдік заңды тұлғалардың 97,1% - ын құрайды.

2019 жылғы қаңтар айының нәтижесі бойынша салалар бөлінісінде жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындардың ең көп үлесі көтерме және бөлшек саудаға тиесілі  – 45% (6,7 мың), бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,2 мыңға төмен. Екінші орында құрылыс – 10,4%, немесе 1,5 мың. Бұл 2018 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда. 0,2 мыңға көп. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет  саласы үшінші орында – 1 мың (+11,3 жылына), үлес салмағы – 6,8%.

2019 жылғы қаңтар айының соңында бірлескен меншік формасындағы шетелдік заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің саны 12,3 мыңға жетті, оның 7 мыңы жұмыс істеп тұр.  Шетелдік компаниялардың арасында ресейлік компаниялардың филиалдары саны 5 мыңға жуық, олардың ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың үлесі – 61,8%. Екінші орында Түркия: 911 компания, жұмыс істеп тұрғандар үлесі –45,4%. Көшбасшылардың үштігіне Қытай да кірді: 800 кәсіпорын, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар үлесі – 56%.

Сонымен қатар, шетелдік кәсіпорындар арасында жұмыс істеп тұрған филиалдар мен өкілдіктердің ең көп үлесі Нидерландыға тиесілі. Тіркелген 276 заңды тұлғаның 86,2%- ы жұмыс істеп тұр.

ҚР-да жұмыс істеп тұрған шетелдік компаниялар санының өсуімен қатар ел экономикасында ТШИ көлемінің артуы да тіркеледі. 2018 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында ТШИ көлемі 17,3 млрд долларды құрап,  өткен жылдың ұқсас кезеңінен 8,4%-ға артық нәтиже көрсетті. Ірі инвестор-елдер қатарына Нидерланды (4,7 млрд доллар), АҚШ (3,9 млрд доллар), Ресей (1,2 млрд доллар), Қытай (1,2 млрд доллар) және Корея Республикасы (0,3 млрд доллар) кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу