Енді елге келген шетелдіктер туристік жарна төлемейді

608

Өзгерістер Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының бұйрығымен енгізілді. 

Енді елге келген шетелдіктер туристік жарна төлемейді Фото: pixabay.com

Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу ережелері өзгертілді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Юрист "Параграф" басылымының Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

"Орналастыру орындарында туристік жарнаға енгізілу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде мөлшерлеме қолданылады", - делінген ереженің жаңа редакциясында.

Айта кету керек, бұрын Қазақстанда 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейін (690-нан 1726 теңгеге дейін) белгіленген салық мөлшерлемелері болған. Туристер ағыны көбейген немесе азайған жағдайда тарифті көтеруді немесе төмендетуді көздейтін тармақтар да ережеден алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу