Қазақстандағы Швеция елшісі бастаған делегация "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға келді

786

Қазақстандағы Швеция елшісі бастаған делегация "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға келді

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ына Қазақстандағы Швеция елшісі Матс Фойер бастаған делегация келді, деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Кездесу компанияның бас инженері Батыр Қотыревтің төрағалығымен өткізілді.

Келіссөзде екі ел арасындағы көлік инфрақұрылымы мен тасымалдау үдерісін дамыту жайы талқыланды.

"Біз Қазақстанның көлік секторының әлеуеті мен ауқымын бағалай келіп, инфрақұрылым саласын дамытуға біздің жетекші компанияларымыздың мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз", – дейді М. Фойер.

Кездесу барысында өндіріске цифрлық технологияны енгізу, пойыздарға арналған заманауи қондырғы, теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен күзет жүйесіне қажетті құрылғылар орнату жайы қарастырылды.

Қазақстан тарабы шведтің ірі компанияларының бизнес ұсыныстарына қызығушылық танытып отыр.

"Бұл кездесу екі ел арасындағы көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тиімді қатынастарды жетілдіруге серпін беретіндігіне сенімдімін", – дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ бас инженері Батыр Қотырев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу