Қазақстандағы сояның 97 пайызы Алматы облысында өсіріледі

1100

Қазақстандағы сояның 97 пайызы Алматы облысында өсіріледі

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бойынша Алматы облысы республика бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, аграрлық сектор экономикалық өсімнің қозғаушы күші болуы керек. Облысымыз осы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бойынша көш бастады. Бүкіл Қазақстандағы сояның 97% Алматы облысында өсіріледі. Сонымен қатар 64% жүгері мен қант қызылшасы, 37% жеміс-жидек, 25% көкөніс,  20% ет, 13% сүт және 23% жұмыртқа өндіріледі",- деді облыс әкімі өз баяндамасында.

Облысқа биыл АӨК бойынша 36 млрд теңге инвестиция тартылған, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 31%-ға өскен.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 948 мың гектарды құрап, оның ішінде 17%-дан астамы озық технологияларды пайдалана отырып өңделеді. Осының арқасында ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі орташа есеппен 34%ға өсті. (2008 жылдан бері).

Аумағы 5,7 мың гектарды құрайтын Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру мәселесі шешілді. Нәтижесінде, айналымға 126 мың гектар суармалы жер қосылады, бұл өндіріс көлемін 80 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Облыс бүгінгі күні еліміздің қызылша өсіру аймағы болып саналады. Биылғы жылы оның ауданы 9 мың гектарға жетті.

Жаңа технологиялардың арқасында жеке шаруашылықтағы кіріс гектарына 500-700 центнерге дейін жетеді, ал биылғы жылы облыс рекордтық 350 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу