Қазақстандағы стоматологиялық қызмет: Үш айда 56 миллиард теңгеге қызмет көрсетілген

210

Бұл соманың 5,3 миллиард теңгесі бюджет қаржысы есебінен, 47,9 миллиарды халықтан түскен қаражат есебінен, ал 3 миллиард теңгесі кәсіпорындардың қаржысы есебінен төленген. 

Қазақстандағы стоматологиялық қызмет: Үш айда 56 миллиард теңгеге қызмет көрсетілген Фото: dentis-russia.ru

2024 жылдың үшінші тоқсанында еліміздегі стоматологиялық қызмет көрсету көлемі 56,3 миллиард теңгеден астам соманы құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аймақтық тұрғыда ең көп қызмет Астана мен Алматы қалаларында көрсетілген – әрқайсысында 14 миллиард теңге.

Одан кейінгі орындарда Атырау облысы (3,5 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (2,3 миллиард теңге). Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген – 107,5 миллион теңге.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай стоматология саласында 2 947 заңды тұлға мен филиал, сондай-ақ 2 921 жеке кәсіпкер тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу