Еліміздегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар 4 мыңнан аса адам ұсталды

1606

Олардың арасында шетелдіктер бар.  

Еліміздегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар 4 мыңнан аса адам ұсталды

Қазақстанда 4 266 адам ұсталды, inbusiness.kz порталы ІІМ-ге сілтеме жасап.

Министрлік дерегінше, Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 100-ден астам адам ұсталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көршілес мемлекеттің азаматтары да ұсталған.

"Жамбыл облысының елді мекенінде қару қоймасы (бірнеше автомат пен тапанша) анықталды. Алматылық полицейлері Қалқаман шағын ауданындағы көлікке техникалық қызмет көрсету орнынан патрондар, оқ-дәрілер мен ұрланған мүлік (велосипедтер, теледидар және ұялы телефондар) анықтады", – деп жазылған хабарламада.

Бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу