Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге 19 шетелдік қатысқан

1064

Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктерге 19 шетелдік қатысқан. Бұл туралы Бас прокуратура Қылмыстық істерді қадағалау қызметінің басшысы Серік Шалаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге 19 шетелдік қатысқан

Оның айтуынша, бүгінде Бас прокуратураның қылмыстық өндірісінде 19 шетелдік азаматқа қатысты іс бар.

"Оның 11-і Өзбекстан азаматы, төртеуі ресейлік, екеуі қырғызстандық, біреуі қытайлық азамат, біреуі тәжікстандық. Бүгінде бұл азаматтар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты, ұрлық жасады деген күдікке ілініп отыр. Бұл мәліметтер нақты емес. Тергеу жүріп жатыр", – деді Серік Шалаубаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу