Қазақстандағы тасқын жаһандық жылыну әсерінен болды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонда айтты.
"Қазір әлемде климаттық өзгерістер болып жатыр. Елімізде болған су тасқыны жаһандық жылынудың әсерінен болды. Қыс мезгілінің жылы болуы мұның бір көрсеткіші", - деді Н.Абаев.
Қазір тек Қазақстан емес, тұтас жаһан мазасыз. ҚХР Гуандуң провинциясын тасқын су жайлап, ел экономикасына 19 млн доллар шығын келді. Көршілес Қырғызстанда да су адуынды мінез танытып, үш өңірінде ТЖ жарияланды. Кенияда да алапат тасқын болып, 11 мыңнан астам тұрғын үй-жайсыз қалды.
Үндістанда құмды дауыл, Біріккен Араб Әмірліктерінде — нөсер, Оман елінде — жаңбырдың соңы тасқынға ұласты.