Қазақстандағы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады

Жүйенің іске қосылу мерзімі белгілі болды. 

Қазақстандағы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады  Фото: pixabay.com

Қазақстандықтар бір банктің QR коды арқылы екіншісінің қосымшасында немесе құрылғысында төлем жасай алады. Тиісті төлем жүйесін енгізу биылғы жылға жоспарланған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта QR коды бойынша төлем қызметі бірнеше банкте қолжетімді.

"QR коды арқылы банкаралық төлем қызметін іске қосу 2024 жылдың соңына жоспарланған", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Сондай-ақ, баспасөз қызмет жаңа жүйе енгізілгеннен кейін азаматтар бір банктің қосымшасынан басқа банктің қосымшасы/құрылғысы арқылы QR төлемін алу мүмкіндігіне ие болатынын түсіндірді.

Еске сала кетейік, Қазақстан біртұтас QR код жүйесіне көшуді жоспарлап отырғаны сонау 2021 жылы талқыланған болатын. Содан кейін, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, клиенттер барлық қазақстандық банктермен жұмыс істейтін бір терминал арқылы сатып алу ақысын төлей алатындай QR кодтарын стандарттау жұмыстары басталды.

"Сіздің кімнің (Halyk Bank, Kaspi, Jusan) клиенті екеніңіз маңызды емес. QR бар кез келген банк бір-бірін оқуы қажет. 10 POS терминалының болуы қажет емес. Бизнес әрбір терминал үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. Нарықтың барлық қатысушыларымен жұмыс істей алатын бір терминал болса жеткілікті. Біз осыған ұмтылуымыз керек", - деп түсіндірді бұған дейін бұрынғы сауда вице-министрі Әсел Жанасова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу