ҚР Президентінің телерадиокешені және Maqsut Narikbayev University Қазақстанда бәсекеге қабілетті БАҚ дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Бұл құжат – талантты жастарды қолдау мен кәсіби дамытудағы, қоғам мен мемлекеттің заманауи коммуникативтік сұраныстарына жауап беретін журналистік корпусты қалыптастырудағы маңызды қадам. Осыған байланысты Қазақстанда алғашқы халықаралық журналистика мектебін ашу туралы шешім қабылданды.
"Жобаның бірегейлігі – біздің медиа мектебіміз қоғам мен мемлекет сұранысына сай журналистік корпусты толықтыратын кәсіби жоғары мамандандырылған медиа мамандарын дайындайды", - деді ҚР Президенті Телерадиокешенінің басшысы Раушан Қажыбаева.
"MNU жетекші халықаралық оқу орындарымен белсенді жұмыс атқарады. Бұл бізге әлемдегі ең озық тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік береді. Біздің жобамыз Қазақстанда журналистиканың дамуына және БАҚ саласындағы мамандардың жаңа буынын даярлауға ықпал ететініне сенімдіміз", - деді Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев.