Қазақстандағы тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігі таныстырылды

1205

Қазақстандағы тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігі таныстырылды

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы тұрғын үй құрылысына кепілдік берудің жаңа тетігін енгізуге арналған баспасөз жиыны  өтті.

Іс-шараға "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ басқарма төрағасы Дәурен Оңаев, "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ Стратегия және даму департаментінің директоры Бауыржан  Жүкенов қатысты, делінеді Қордың баспасөз хабарламасында.

ОКҚ баспасөз жиыны барысында Дәурен Оңаев құрылыс салушы және оның уәкілетті компаниясы Қор кепілдігін не жергілікті атқарушы органның рұқсатын алмайынша үлескерлердің ақшасын тарта алмайтындығын атап өтті.   

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңның күшіне енуіне байланысты құрылыс салушыларға қатал талаптар қойылды. Енді тұрғын үй құрылысына үлескерлердің ақшасын тарту үшін құрылыс салушы Астана және Алматы қалаларында кемінде үш жыл жалпы ауданы 18 мың шаршы метр немесе басқа өңірлерде 9 мың шаршы метр сатылған тұрғын үй тәжірибесіне ие болуы тиіс. Бұдан басқа, құрылыс салушының соңғы екі жылда шығынсыз қызметі болуы қажет.

Заң бірнеше кепілдік беру жағдайларын көздейді, оның бірін іске асыру барысында Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры тұрғын үй құрылысын аяқтау және кейін үлескерлерге үлестерін беру бойынша міндеттемелерді өзіне алады.   

"Біз өзімізге халықтың сеніміне лайықты болуды және әрдайым негізгі миссиямыз – кепілдік алған нысандар бойынша үлескерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде тиімді іс-әрекеттер арқылы үлескерлердің сенімін ақтайтын ұйым болуды шарт етіп қоямыз", – деді Дәурен Оңаев.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 қарашасында үлескерлердің ақшасын тартудың тәсілдерін көздейтін және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша қызметпен байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" жаңа Заң күшіне енді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу