Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Сенат кулуарында тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жылу беру маусымына дайындық мәселесі біздің министрліктің бақылауында. Қазіргі таңда барлық тұрғын үй құрылыстары, білім беру мен денсаулық сақтау нысандары 100 пайыз дайын тұр", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.
Журналистер кейбір үйлерге жылу берілмеді деген ақпарат бар екенін жеткізді.
"Қазір барлық тұрғын үйге жылу берілген", - деді вице-министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу