Қазақстандағы үш өзенде су электр стансалары салынады

397

Бұл гидрожобаларды іске асыруды аяқтау 2027-2028 жылдарға көзделген. 

Қазақстандағы үш өзенде су электр стансалары салынады Фото: inbusiness.kz

"Самұрық-Энерго" жобаларының портфелінде бірнеше су электр станцияларын салу бойынша инвестициялық жобалар пысықталып жатыр. Бұл туралы "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Үкімет отырысында хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Іле өзенінде қуаттылығы 50 МВт Кербұлақ ГЭС-і, Ертіс өзенінде қуаттылығы 300 МВт-ға дейін Семей ГЭС-і және Шелек өзенінде қуаттылығы 70 МВт ГЭС-29. Осы жобалар бойынша жобалау алды құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ, құрылыс үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Семей ГЭС жобасына қазіргі уақытта әлеуетті инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізілуде, Семей ГЭС-і бойынша Катардың Небрас Пауэр компаниясымен, Шелек өзеніндегі ГЭС бойынша қытайлық серіктес Пауэр Чайна компаниясымен ынтымақтастық қарастырылып отыр", - деді Қайрат Мақсұтов.

"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасының сөзінше, Кербұлақ ГЭС-ін өз күшімізбен салу жоспарланып отыр.

"Жоғарыда аталған гидрожобаларды іске асыруды аяқтау 2027-2028 жылдарға болжанып отыр. Осы ГЭС салу жобаларын ойдағыдай іске асыру үшін Энергетика министрлігімен инвестицияларды қайтару механизмін айқындау жолында бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз", - деп толықтырды спикер.

Айта кету керек, осыған дейін Ресей салатын үш ЖЭО бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу