Жалпы, Министрлік интернет және мобильді байланыс желісіне қол жеткізу сапасын мониторингілеу және жақсарту бойынша тұрақты негізде қызмет атқарып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, өз тарапынан Министрлік ұялы байланыс операторларына сапасыз қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салу өкілеттігіне ие.
Осылайша, 2023 жылы ведомство 782 тексеру жұмыстарын жүргізіп, 3 миллиард 288 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Бюджетке заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып, 1 миллиард 644 миллион теңге төленді. Оның ішінде операторлар бойынша:
Tele2 – 751,4 млн теңге;
Kcell – 563,2 млн теңге;
Beeline – 329,4 млн теңге төледі.
Сонымен қатар, Министрлік 2020-2022 жылдар аралығында сапасыз байланыс үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп, айыппұл салу статистикасын жүргізген болатын.
2020 жылы Министрлік 93 тексеру жүргізіп, 47,8 млн теңге көлемінде айыппұл салды.
Ал 2021 жылы жүргізілген тексерулер саны едәуір ұлғайды. Жүргізілген 562 тексеру кезінде жалпы сомасы 264 млн теңгеге айыппұл салынды.
Бұнымен қоса, 2022 жылы Министрлік жүргізген тексерістер саны екі есеге өсіп, 1 175-ті құрады. Нәтижесінде ұялы байланыс операторларына 1,6 млрд теңге сомасына айыппұл салынды.
Айта кетейік, тексерулер жүргізу және айыппұлдарды ұлғайту операторлардың көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға септігін тигізді.
"Мысалы, 2019-2022 жылдар аралығында айыппұлдар өскенге дейінгі кезеңде операторлар ұйғарымдардың тек 33%-ын орындады. Айыппұлдарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы операторлар нұсқамалардың 65%-ын орындады", - делінген Министрліктің хабарламасында.